УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

19 наурыз – “Шымырлық пен шеберлік күні”

19 наурызға белгіленген бұл күн негізінен ұлттық спортқа арналады. Жер-жерде балалардың асық ату, лəңгі, бес тас, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тартыс, қап киіп жарысу, жаяу тартыс, садақ ату,гір тасын көтеру, қол күрес тəрізді ойындар ұйымдастырылады.

Бұл қатысушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын оятып, оларды шымырлық пен шыдамдылыққа, шеберлік пен əсемдікке баулиды. Қанмен бірге дарыған ұлттық қасиеттердің жанданып, рухтың жаңғыруына себепші болады.

Бұл күні колледжімізде қол күрестіруден және гір тасын көтеруден жарыс өткізілді. Қол күрестен Саметов Даулетбай, Гір тасын көтеруден Бекмухамбетов Аспенияр жеңімпаз атанды.

Фотография 1 Фотография 2

Фотография 1

 19 марта 2022